9.12.2022, 23:10
Оқылды: 47

Марина – үздік волонтер

Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік волонтер – 2022» қорытынды кеші өткен болатын.

Марина1.jfif (1)

Мерекелік шара облысымызда волонтерлік қозғалыстың қарқынды дамуына елеулі үлес қосып жүрген белсенділердің ерен еңбегін бағалап, игілікті істеріне қолдау көрсету мақсатын көздеген.

Аталмыш шараға Қаратөбе ауданының атынан қатысқан Марина Каримова «Үздік волонтер – 2022» аталымымен маратталды.

– Марина Бисенқызы пандемия кезінде аудан тұрғындарына азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек тарату жұмыстарына қатысты. Шалғын елді мекенінде су тасқанынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көмектесіп, волонтерлық қызмет атқарды. Ауыл тұрғындарына мекен-жайлық көмек беріп, гуманитарлық тауарлар жеткізіп, балаларға арналған қызықты ойындар ойнатып, аудан тұрғындарына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нүркен Азамат.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале