6.11.2022, 9:48
Оқылды: 36

Мәуліт айы аталып өтті

Бөкей ордасы ауданының орталық мешітінде мәуліт айы аталып өтті.

IMG-20221106-WA0019
Діни мейрам аудан орталығының имамы Азамат Қанатұлының бағыштаған дұғасынан басталып, отырыс барысында аталмыш мейрамға арнап құрбандық шалған Елтай Қонақбаев пен Бибігүл Жұмағұлованың отбасына алғыс айтылды.

IMG-20221106-WA0013
Сонымен қатар бас имам “Адамзаттың ардақтысы Әз Мұхаммед” атты пайғамбарымызға салауат айту аудандық сайыс жеңімпаздарын құттықтап,  сыйлықтарын тарту етті.

IMG-20221106-WA0014
І орынды Амантай Рашединұлы, IІ орынды Шыңғыс Әділбекұлы, ІІІ орынды Махат Абайұлы иеленді.
Шараға қатысушының бәрі дерлік сыйлықтан құр қалмады. Дін тақырыбындағы сұрақтарға белсенділік танытып жылдам жауап берген азамат- азаматшаларға сыйлық берілді.

Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале