14.01.2020, 16:35
Оқылды: 92

Мәжіліс депутаттары Сырымға келді

Сырым ауданына Парламент Мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева келіп, «Nur Otan» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдады.

syrym dep (2)

Қабылдауға келген Жымпиты сайлау округінің депутаты Асхат Дүйсенғалиев аудан орталығының ауылішілік Қазақстан, Досмұхамедов, Жұмағалиев, Байжанов, Меңдалиев көшелерін орташа жөндеуге, ал Исаев көшесі құрылысының дайын жобалық-сметалық құжаттарының мерзімі биыл бітетіндігін айтып, қаржы бөлу үшін көмек сұрады. Өлеңтілік ардагер Сәбит Бақтығалиев болса 1938-1941 жылы туғандардың да бала күнінде көп қиындық көргендерін алға тартып, мемлекеттен арнайы көмек болса деген ұсынысын айтты.

Сондай-ақ қос депутат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Нұрпейісова мен жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиевпен «Атаулы әлеуметтік көмек төлеу туралы» ҚР Заңының ауданда жүзеге асырылу барысы жөнінде әңгімелесті. Аталмыш көмекті тағайындау барысында қандай қиындықтар, түсініспеушіліктер туындағанын сұрап білді. Әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін көмек жәйімен  танысты.

Қабылдаудан соң  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «SJ» жастар коворкингі мен «Жібек жолы» автокешенін аралап көрді.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале