5.04.2024, 17:30
Оқылды: 19

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Аққозы ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Қаратөбе ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан келіп, су тасқынынан зардап шеккен Аққозы ауылының тұрғындарымен кездесті.

 абзал құспан (6)

Кездесуде депутат ауыл тұрғындарын сабырлылыққа шақырып, гуманитарлық көмек табыстады.

абзал құспан (7)

 –  Қаратөбе жеріндегі жағдайға орай қол ұшын бермекке келдік. Басқасын былай қойғанда ел Президенті өзі арнайы келіп, ел мен халықпен жүздесті. Бізде елге келіп жатқан көмектің басын Қаратөбеге әкеліп жатырмыз. Бұл гумантарлық көмектің негізгі демеушілері Алматы және Тараз қаласының бес кәсіпкер азаматы. Олар Малик Масанов, Харсан Химамов, Айша Мүшерқызы, Нұржан Өтепов, Рустам Машанұлы деген кәсіпкерлер Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысына екі жүк көлік көмегін жіберді. Соның ішінен Аққозы халқына көмек ретінде Ақтөбеден үш ГАЗел автокөлігі алып келді. Осындай қиын жақта елдің азаматтары жан-жақтан үн қосып, елдің ауыз біршілігін көрсетуде, - деді депутат.

абзал құспан (5)

Кездесуде БҚО ерікті мүгедектер қоғамы аудандық филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков сөз алып, көмек қолын созып жатырған барша ағайынға алғысын жеткізді.

абзал құспан (4)

– Көмек қолын созып жатқан азаматтарға рақмет! Еліміздің барлық жерінен түрлі көмек келіп жатыр. Біз ризамыз. Басымызға түскен қиындықты халық болып көтеріп жатыр. Оқиға есімізге түссе көзімізге жас аламыз. Себебі туған жеріміз, мекеніміз, ыстық ұямыз қымбат. Осындай қиын сәтте демеу болған сіздей жандарға айтар алғысымыз шексіз. Жан-жақтан көмек беріп, біздің жағдайымызды жасап жатыр. Баршаның отбасына амандық тілеймін, - деді Аққозы ауылының тұрғыны Гүлбану Жарылғасова.

Гуманитарлық көмекті аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері және еріктілер қабылдап алды.

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

абзал құспан (2) абзал құспан (3)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале