1.06.2022, 17:00
Оқылды: 73

Мәжіліс депутаты жаңақалалықтармен кездесті

Жаңақала ауданына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшардың қатысуымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының актив отырысы өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу (3)

Басқосуда «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар өкілдері болды. Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиеваның жүргізген жиында «Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы» мәселе қаралды.

-1995 жылы Конституция қабылданды. Ол кезде бәріміз референдуммен дауыс бердік. Одан кейін 1998, 2007, 2011, 2017  жылдары төрт рет өзгеріс енгізілді. Өкінішке орай, заман солай болған шығар, Парламентте отырған жүз елудің үстіндегі адаммен ғана барлық өзгерістер енгізіліп отырды. Қазіргі таңда Президентіміз Қ.Тоқаев бүкіл елдің дауыс беруіне жағдай жасап отыр, - деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы негізгі бес бағытына қысқаша тоқталды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу

Одан әрі жиынға қатысушылар референдумға байланысты және ауданға қатысты өзекті сұрақтарымен қоса мәселелерін жолдады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Иманқұлұлы сұрақтарға жауап беріп, барша аудан тұрғындарын белсенді дауыс беруге шақырды.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале