21.10.2022, 12:01
Оқылды: 39

«Мейірім шуағы»

Сейсенбі күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Балалар жылы» аясында, қайырымдылық айлығы шеңберінде «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

17

Аудан әкімдігінің және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға әр ауылдық округтен мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Олар өздері дайындаған қолөнерлері мен тәттілерін көрмеге орналастырды. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакиров барша қатысушыларды құттықтады. Келесі кезекте сөз алған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшысы Батима Кентуғаева мен аудандық мүгедектер бірлестігінің төрағасы Ахметжан Ғұбайдуллин да жүрекжарды лебіздерін білдірді.

18

Іс-шарада қайырымдылық акциясына атсалысқан азаматтарға аудандық мүгедектер бірлестігінің төрағасы атынан алғысхат табысталды. Мәдениет қызметкерлері ән шашу ұйымдастырса, шарада мүмкіндігі шектеулі жандар мен шараға келген адамдар да әнмен бірге билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Гүл Мира,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале