2.11.2021, 12:07
Оқылды: 63

Мейірімін төккен Мәдениет

Бүгінгі таңда мемлекетімізде мүкіндігі шектеулі, мүгедек, қарт адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Бұл істе әлеуметтік қызметкерлердің алатын орны ерекше. Осы орайда елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні белгіленді. Әлеуметтік сала қызметкерлері үшін айтулы күннің  мерейі үстем. Бұл — ұдайы қамқорлық танытып жүргендерге  зор құрмет.

фб

Айта кетейік, қазіргі уақытта Теректі ауданы бойынша үйде әлеуметтік қызмет көрсететін үш бөлімшеде 223 қамқорланушы (9 мүгедек бала,  197 жалғызбасты қария, 4 мүгедек, он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар13 адам) бар.

Жалпы, әлеуметтік сала қызметкерлерінің тұрғындардың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстары ұшан-теңіз. Осынау ауқымды істі  жұмылған жұдырықтай боп атқарып жүрген жандардың бірі — Мәдениет Құттыбаева.

Мәдениет Қалимоллақызы 1969 жылы Теректі ауданына қарасты Барбастау ауылында дүниеге келген. 2011 жылдан бері Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  әлеуметтік қызметкері  болып   жұмыс істеп келеді. Оның өлшеусіз еңбегінің арқасында өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде. Қашан көрсеңіз де қамқорлығындағы жалғызбасты көмекке мұқтаж қариялардың қөңілін тауып, жан жылуын төгіп жүреді. Бір сөзбен айтқанда, өз қызметін адал һәм аса зор жауапкершілікпен атқарып жүрген М. Құттыбаеваға елдің айтар алғысы шексіз.

Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале