3.05.2022, 13:00
Оқылды: 54

Мекемелер арасындағы тартысты ойын

Аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Жәнібек ауданының 100 жылдық мерейтойына орай мекемелер арасында футзалдан аудандық чемпионат өтті.

57E8C235-4A15-4EFF-A445-0D59ACE9ABBA

Аудан мекемелері арасында спорт арқылы достық қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыту, шұғылданушылардың шеберліктерін арттыру, мекеме қызметкерлерінің жұмыстан тыс кезде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен чемпионатқа Т.Жароков, А.Оразбаева атындағы мектептер, №1 мектеп лицейі, мектептентыс жұмыстар орталығы, мәдениет саласы, аудандық аурухана, шекара, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, құтқарушылар, мемлекеттік қызметкерлер, барлығы 12 команда қатысып, керемет ойын өрнегін көрсетті. Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс нәтижесінде, 1-орынды №1 мектеп-лицейі, 2-орынды Т.Жароков атындағы мектеп, 3-орынды мемлекеттік қызметшілер командалары алды. Сондай-ақ,«Жеңіске деген жігері үшін», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» аталымдарымен сәйкесінше мәдениет қызметкерлері командасы, Исатай Уахитов (Т.Жароков атындағы мектеп), Дулат Өміртай (ҰҚК), Еділ Елемесов (мем.қызметкер) және Әмір Садиров (№1 мектеп-лицей) марапатталды.

Тартысты ойында Асылжан Тұяқов, Дәулет Ғайнуллин, Аманжол Есеновтер төреші болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале