Өткен жылы да «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен облыстық білім басқармасының №447/5.07.2019/ бұйрығын орындау және әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мен барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізілген.

Нақтырақ айтсақ, Орал қаласының тұрғыны Ниязова Алтыншаш 360 000 теңге көлемінде 18 оқушыға мектеп формасын сыйласа (костюм-шалбар), «Жұмағазы хазірет» (Дәдем ата) атындағы қор мен «Баймұрат» шаруа қожалығы М.Каналиев атындағы мектептің 5 оқушысына 150 мың, В.Шубин атындағы мектептің 7 оқушысына 210 мың және Қ.Мырзалиев атындағы мектеп ұжымы 72 000 теңгенің қаржылай көмегін көрсетті. Осылайша акция кезінде Қ.Мырзалиев атындағы мектепте 82 оқушыға 384 000, Шубин атындағы мектепте 45 оқушыға 670 000 теңгеге көмек берілді.
Қазіргі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясы бұрынғыдай екі ай ғана емес, жыл бойы жүргізілуде.
Сырым аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Дамир Қажиахметовтың айтуынша, «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігінің порталында «Мектепке жол» жаңа платформасы іске қосылды. Бұл қаражаттың түсуі мен пайдаланылуын онлайн арқылы бақылауға мүмкіндік беретін ыңғайлы және ашық жүйе. Көмек алғысы келетін адам порталға кіріп, қажетті деректерді толтыруы тиіс. Онда көп мәлімет сұралмайды. Бар жоғы мұқтаж жанның аты-жөні мен телефон нөмірі, баланың ЖСН нөмірі көрсетілуі керек. Ал қамқорлық көрсетуді қалайтындар «Мектепке жол» платформасының төменгі тұсына түсіп, «Қалай көмектесе аламын?» деген тақырыпшаның астына онлайн түрде, банк арқылы немесе тауар бойынша қолұшын бере алады. Көмек бергеннен кейін call-орталық қызметкерлері көмектескеніңізге алғыс айтып, акцияға қатысудың жасырын немесе ашық түрін таңдауды сұрайды. Егер ашық түрін таңдасаңыз, көмек көрсеткен азамат ретінде аты-жөніңіз бен салған қаржыңыз сайтта жарияланады. Осы ретте, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде қолұшын созуға ниет білдірген азаматтар білім беру органдары мен ұйымдары арқылы да көмек көрсете алатындығын ескерте кетейік.
Тағы бір айта кетерлігі, ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылып, содан кейін ғана көмек атаулы түрде бөлінеді.
ақпарат «Сырым елінен»
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер