21.11.2020, 12:28
Оқылды: 84

Мемлекет қамқорлығына бөленген кәсіпкер ана

Өзін Әлия Амангелдіқызы Қайыровамын деп таныстырған кейіпкеріміз мемлекет көмегі арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған көп балалы ана.

20201121_121912

- Бес бала тәрбиелеп отырған анамын. Үш перзентім мектеп жасында болса, екі егіз ұлым балабақшаға барады. Жалпақтал ауылының тұрғынымын. Мемлекетіміз еңбек етемін деген көп балалы аналарға үлкен қамқорлық жасап отыр. Жас болғасын, үкіметке қол жайып, масыл болмайын деген ниетпен кәсіп ашуды жопарлап жүргем.​ Жақында сол жоспарым мемлекетіміздің қамқорлығының​ арқасында жүзеге асып,​ 550 000 теңгенің қайтарымсыз грантына ие болдым. Қазір шүкір, өзімнің сүйіп жасайтын кәсібімді дөңгелетіп, ауылдастардың сұранысын сапалы әрі тиімді бағамен жүзеге асырып жүрмін. Жалпы, ісмерлік әйел адамның оң жамбасына келетін қолайлы кәсіп. Өзім бала күнімнен іс тігуге жақын жүретін жан едім. Мемлекет берген қайтарымсыз несие қолыма тиісімен ойланбастан кәсібіме қажет құралдарымды сатып алып, жұмысымды бастап кеттім. Бүгінгі таңда мен тігіп әзірлеген көрпе-көпшік сияқты қыз жасауларына сұраныс күн санап артып келеді. Сондықтан үйде отырған көп балалы аналарға: "Әйел адамның қолынан келмейтін іс жоқ. Тек өз-өздерін қамшылап алға ұмтылса болғаны" - деп шынайы кеңесімді берер едім. Тігіншілік, ісмерлік қолөнерді өсіп келе жатқан қыздарымыз жастайынан үйренулері қажет. Қыз баланың тәрбиесі оның шыдамдылығына, төзімділігі мен ойлау қабілетін арттыруға үлкен септігін тигізіп, ұлттық өнерді бойына сіңіріп өсуіне көп әсер етеді, - дейді кәсіпкер Әлия ханым.

- Негізінен қыз жасауын дайындаудың нағыз шебері атанып, ісмерлік пен тігіншілік кәсіптің қыры мен сырын толық меңгерген жалпақталдық Әлия Қайырованың еңбекқорлығы ауылымызда тұратын замандастарына үлгі-өнеге. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл осындай Әлия секілді іскер жандарға арналып айтылған. Сондықтан ауылдық жерде Әлиядай кәсіпкер әйелдердің қатары арта берсін, - дейді Казталов аудандық жұмыспен қамту орталығының ассисенті Гүлнара Құсайынова.

Бізде маман пікірін қолдай отырып, ауыл кәсіпкерлеріне толайым табыс тіледік.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале