21.06.2022, 16:20
Оқылды: 205

Мемлекеттік қызмет - мәртебелі міндет!

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Бөрлі ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Венера Серікқызы  Баймагамбетовамен сұқбаттасқан едік.

Венер

-Әңгімені Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен бастасақ...

-Мемлекеттік қызметшілер күні 2003 жылдан басталады. Осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 маусымды «Мемлекеттік қызметшілер күні» деп атауды ұйғарған болатын. Осыған орай, тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы күнді «Мемлекеттік қызметшілер күні» деп жариялап, арнайы Жарлықпен бекітті.

-Бұрын біздің жүйеде болмаған жалпы - Мемлекеттік қызметші дегенге тоқтала кетсек.

- Мемлекеттік қызметші – бұл мемлекеттік органда немесе оның аппараттарында мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында өзінің өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметшілерге қызметті атқару барысында талаптар қойылып, шектеулер белгіленеді. Жалпы Мемлекеттік қызметке орналасуға ниеттелген азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамаларын меңгеруі бойынша кәсіби және жеке қасиеттерін анықтайтын тестілеуден тиісті балл жинау міндеттелген. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге белгілі бір лауазымға орналасу үшін қолданыстағы заңнамаларға сай білім деңгейі мен еңбек өтілін белгілейтін талаптар бекітіледі. Белгіленген талаптарға сай келетін және жеке деректерінде мемлекеттік қызметке кедергі келетін құқықбұзушылықтары жоқ азаматтар мемлекеттік қызметке қабылданады.

-Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері туралы бірер сөз айтып өтсеңіз?

-Біздің ауданның жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 137 бірлік. Оның ішінде аудан әкімінің аппараты бойынша – 22 бірлік, ауылдық округ әкімдері аппараттары бойынша – 55 бірлік, дербес бөлімдер бойынша - 50 бірлік, Ақсай қаласы әкімі аппараты бойынша 10 бірлікті құрайды.

Қазіргі уақытта аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 130 бірлік. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы шамамен 39 жас. Мемлекеттік қызметтегі орташа өтіл - 10 жыл 3 ай.

Ал ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы әйел адамдардың саны 79 бірлікті немесе мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының - 58%-ын құрайды.

-Мемлекеттік қызметке Конкурстық іріктеу арқылы келетінін білеміз.

-Жыл басынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес бос лауазымдарды толтыру  бойынша 11 хабарландыру жарияланып, ауданның бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімімен 7 үміткер бос лауазымдарға қабылдауға ұсынылды.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін  оның отырысына байқаушылар қатысады.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес кадрлық шешімдерді қабылдауда меритократия принциптерімен 2 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды.

-Мемлекеттік қызметшілер күніне орай әріптестеріңізге тілегіңіз.

- Мемлекеттік қызметшілеріміз ел игілігі жолында мемлекет мүддесі үшін қызмет жолында қызметтеріне адал болса екен деймін. Жалпы, кез келген өркениетті елде мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын жүргізуші мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сондықтан да біздің елде мемлекеттік қызметші болу - мақтаныш, мәртебелі міндет. Сонымен қатар ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу мемлекеттік деңгейде үлкен жауапкершілік жүктейтінін де әрбір мемлекеттік қызметші есте ұстауы керек. Құрметті әріптестер, 23 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күні құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт, халыққа арналған игілікті еңбегіңізге жетістік және кәсіби шеберлігіңіздің артуына шын жүректен тілектеспін!

Дариға Нұрашова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале