Әйелдер жамағатымен өткен сырлы кездесу
13 Тамыз 2022

Әйелдер жамағатымен өткен сырлы кездесу

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті
13 Тамыз 2022

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді
13 Тамыз 2022

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді

«Ауыл аманаты» - ауылдағы өндірісті дамытуға үлес қосса...
13 Тамыз 2022

«Ауыл аманаты» - ауылдағы өндірісті дамытуға үлес қосса...

Мешіт тірегі жамағат
13 Тамыз 2022

Мешіт тірегі жамағат

Күнбағыс пен жүгері. Қос дақылдың жергілікті жағдай өнімділігін арттыруға ғылыми түрде мән берілмек
12 Тамыз 2022

Күнбағыс пен жүгері. Қос дақылдың жергілікті жағдай өнімділігін арттыруға ғылыми түрде мән берілмек

Мемлекеттік қызметшілер – сахна төрінде

Мемлекеттік қызметшілер күніне Казталов ауданында мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласы майталмандарының қатысуымен ән байқауы және салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысты.

20220623133646_IMG_3093

Аудан әкімі Рүстем Мүлкайұлы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерді марапаттады.

- Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен жауапкершілік, зор құрмет. Ол – мемлекеттің айнасы. Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айналады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін, - деді аудан әкімі.

Салтанатты жиында Казталов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Қайрат Салауатов, Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Есболат Майжановқа БҚО әкімінің алғыс хаты, Казталов ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетоваға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының алғыс хаты табысталды.

Ал Гүлбарам Утюлина, Альмира Дүйсенбаева, Жанат Қадыржанова, Нұрхат Болаев, Аслан Асқар, Жалғас Сүндетов, Қанат Хасанов, Айсұлу Асқар аудан әкімінің алғыс хатымен, Фариза Есқақова, Асфандияр Амангелдиев, Нұрайым Қадырова әдеп жөніндегі уәкілдің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар «Тіл шебері - 2022» байқауының ІІІ орын иегері Талдыапан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Ақерке Садет арнайы дипломмен марапатталса, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиада жеңімпаздарына дипломдар табысталды. Мемлекеттік қызметке енді ғана кіріскен Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Санжар Ғұбайдуллин халық алдында салтанатты түрде ант қабылдады.

Мерекелік кеш барысында мемлекеттік қызметкерлер мен мәдениет саласы майталмандырының қатысуымен ән байқауының номинанттары мен жеңімпаздары да дипломдармен, қаржылай және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Кеңес Дүйсекеевтің «Асыл ана» әнін орындаған аудан әкімі аппаратының бас инспектор-бухгалтері Алтынбек Ертаев пен Мәдениет саласының үздігі Қайрат Абдуловқа бұйырды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале