9.12.2021, 10:00
Оқылды: 100

Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі

Бейсенбі күні Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік рәміздердің қолданылу аясында отырыс өтті. Оған аудан басшысы Бауыржан Айтмағамбетов қатысты.

рәміздер1

Жиын барысында мемлекеттік рәміздердің қолданылу аясындағы талап нормалары тілге тиек етілді. Осы орайда Мереке ауылдық округі әкімі М.Нарыков өз баяндамасында рәміздерді құрметтеу және насихаттау бағытындағы іс-шаралар үздіксіз өтетінін айтты. «Қазіргі таңда округімізде әкім апараты ғимаратында бір сыртқы, бір ішкі мемлекеттік ту бар. Округ әкімі бөлмесінде мемлекеттік елтаңба орналастырылған. Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу арқылы жалпы сомасы 75 мың теңгеге 10 ту, 1 елтаңба алынды. Сонымен қатар «Мереке» саябағына биіктігі 6 метрлік ту тұғыр жасалынды. Оған елтаңба мен ту орналастырылады», – деді Мэлс Жасанғалұлы. Одан соң Қосшы ауылдық округінің әкімі Мұхтар Таңатжанұлы мемлекеттік рәміздер күніне арналған шараларға тоқталды. «Округ бойынша 2021 жылы мемлекеттік рәміздер күніне орай мәдениет үйінде «Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел, ауылдық кітапханада «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» атты кітап көрмесі, «»Тәуелсіздік рәміздері» танымдық сағаты өткізілді. Сонымен қатар Оян орта мектебінде оқушылар арасында «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» аты патриоттық сағаттар, «Жүрегіме қымбат рәміздер» сурет байқауы оздырылды», – деді баяндамашы Мұхтар Таңатжанұлы.

Сонымен қатар өзге де сала басшылары мемлекеттік рәміздер туралы баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде ой бөлісті.

Әсем Серік,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале