4.06.2022, 12:33
Оқылды: 40

Мемлекеттік Рәміздердің 30 жылдығына арналды

Бүгін Қаратөбе ауданы орталығындағы алаңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына арналған «Мақтанышым – Мемлекеттік рәміздер» атты салтанатты шара өтті.
Рәміздер1

Сахна төріне  Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туы әкелініп, алаңға жиналғандар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.

Салтанатты жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын айтулы, маңызды мерекемен құттықтады.

– Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс.

Рәміздер күні 2

Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, батылдыққа тәрбиелейді, өз Отанын, өз жерін, өз елін қорғауға деген сезімін оятады. Біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие мемлекеттік рәміздердің мерейлі мерекесі баршамыз үшін маңызды, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы

30 жылдық мерекеге орай аутошеру өтті. Оған 30 аутокөлік қатыстырылып, шеру орталық алаңнан бастау алды.

Салтанатты шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының  концерттік бағдарламасына ұласты.

Мерекелік концерт Сәнжан Байтеміровтың «Көк тудың желбірегені!» әнімен ашылды.  Көркемөнерпаздар Аяжан Исмағұлова «Тәуелсіз Қазақстан», «Керім-ай» халықтық би ансамблі флешмоб, «Ақбақай» тобы «Қазақстаным алға», Таңат Жексенбаев «Рәміздерім қадірлім», «Атамекен» әндерін орындап жұртшылық ықыласына бөленді.

                                                                                      Ерболат Райсов,

                                                                                      Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале