23.09.2022, 21:19
Оқылды: 33

Мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер талқыланды

Бүгін “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының Сырым аудандық филиалында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік сатып алуларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша жиналыс өтті.

image-23-09-22-09-06

Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов төрағалық еткен жиынға “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал директоры Асхат Бисенғалиев пен мекемелердің мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандары, кәсіпкерлер қатысты.

Күн тәртібіндегі мемлекеттік сатып алуларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алу ды бірыңғай ұйымдастыру секторының меңгерушісі А.Мурзашев түсінік жұмыстарын жүргізді.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы​
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале