16.12.2021, 17:08
Оқылды: 69

Мерейлі күнге марапат

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Еліміздің айбынды әнұранымен басталған салтанатты шара облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың құттықтау сөзімен жалғасты.

32
–Құрметті жерлестер, бүгін ата-бабаларымызға арман болған, аңсаған Тәуелсіздік тойы құтты болсын! Отанымызда орнаған  тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең, терезесі  тең болсын! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ең алдымен қазақ халқының асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.  Бөкейліктердің әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін. Аспанымыз ашық, көңіліміз шат болсын! – деп Тілепберген Ерсайұлы аудан жұртшылығына тілегін білдірді.

37
– Тарихы тағылымды Бөкей елінің еңбек ерлерін марапаттау рәсімі бұйырғанына қуаныштымын, – деген ол жарқын жетістіктерімен жұртқа танылған жерлестерімізді марапаттады.

38
Мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына қосқан үлесі үшін «Боранбаев» шаруа қожалығының иесі Мырзабай Боранбаев  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мұратсайлық азамат, тәжірибелі ветеринар Серік Ғұмаров пен облыстық тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығы директорының орынбасары Назымгүл Оразгелдиева ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасына ие болды.

41

42

Еңбегі еленген бөкейліктер «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Елеулі еңбегі үшін»  медальдарымен марапатталды, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің  «Құрмет» грамотасы мен алғысхаттарын иеленді.
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева  бисендік еңбек ардагері Жеңіс Бисенбаевқа «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағын табыс етті.
Осы салтанатты шарада әр сала бойынша жыл үздігі де анықталды.

36

33

34

Салтанатты шара Бөкей ордасы ауданы өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Домбырашылар екпінді күйімен шымылдығын ашқан  шара әсем  ән, келісті биімен әдемі өрбіді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале