18.01.2021, 9:45
Оқылды: 94

Мерейтой иесін құттықтады

Ұлы Отан соғысында ел тыныштығын қорғап, Жеңіс туының желбіреуіне атсалысқан майдангер, Дариян ауылының тұрғыны Татьяна Ивановна Макиевская 98 жасқа келді.

smart

Жуырда Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоғжанов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов және Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов Отан үшін от кешкен майдангердің шаңырағында болып, оған облыс әкімі Ғали Есқалиевтың құттықтаухатын табыстады.

Торқалы той иесімен емен-жарқын әңгіме өрбіткен қонақтар Татьяна Ивановнаға жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі.

– Жыл сайын бізді елеп-ескеріп, сый-сияпат көрсетіп жатқан облыс және аудан басшыларына ризашылығымды білдіремін. Біз қайсар халықтың ұрпағы болғанымызды мақтан тұтамыз. Менің және замандастарымның көрген қиыншылығын кейінгі ұрпақ көрмесін. Барлық шаңыраққа мамыражай тірлік, ырыс-береке тілеймін. Ләйім, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, – деді құрметке разы болған майдангер әже.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале