9.03.2022, 10:21
Оқылды: 69

Мерекелік турнир

Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай волейболдан жарыс өтті. Ауданның үздік нәзік жанды волейболшыларының басын қосқан байрақты бәсекеге Рубежка, Дариян, Махамбет, Краснов, Железнов, Раздольный, Көшім және Переметный ауылдарының командалары қатысты.

IMG-20220305-WA0021

- Волейбол ойыны ауданда жақсы жолға қойылған. Әсіресе әйелдердің құралған командалар жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Спорттың осы түрін жанына серік еткен арулардың басын қосып, спорт мерекесін өткізуді жөн санадық. Бабы мен бағы келіскен шын мықты жеңіске жетсін, - деді жарыстың ашылу салтанатында сөз алған «Бәйтерек» спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев.

IMG-20220305-WA0082

Көрерменге волейбол мерекесін сыйлаған жарыс қорытындысында үшінші орын Краснов, екінші орын Көшім ауылының волейболшыларына бұйырса, жарыс жеңімпазы атағын переметныйлық арулар еншіледі.

IMG-20220305-WA0088

IMG-20220305-WA0105
Жарыс соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етілді. Сондай-ақ үздік ойыншылар да марапатталды.

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале