13.08.2022, 10:03
Оқылды: 129

Мешіт тірегі жамағат

Кеңтүбек ауылдық округіне қарасты Пролетарка ауылында Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті, «Парасат» ҚБ, "Ақсай" спорт кешенінің ұйымдастыруымен үлкен шара өтті.
Мешіт жамағатын табиғат аясына жинаған шараға 40-тан аса адам қатысты.

IMG-20220813-WA0013
Шараны ұйымдастырудағы мақсат, жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау болды.
- Біріншіден, мешіт жамағаты арасындағы ауыз біршілік пен бауырмалдылықты арттырып иманын күшейту -  шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз болды. Қалай десек те, ауыз біршілік мешіт жамағаты үшін өте маңызды. Себебі, мешітке келушілердің ауызбірлігі болса, ол жерде басқа дінге, діни, саяси ұйымдарға түсіп кету қауіпі азаяды. Тек уағыз айтып, кітап оқу ғана емес, мәдени-спорттық шаралар арқылы мешіктке келушілердің білімін арттырып, олардың арасындағы тұтастықты ұстап тұру үшін осындай шаралар жиі өтіп тұруы керек деп ойлаймын, - дейді «Парасат» ҚБ төрағасы Қанат Жәкенов.

IMG-20220813-WA0009
Шара барысында дастархан жайылып, жамағатқа алдымен "Білім өмір - шырағы" атты тақырыпта уағыз насихат айтылды. Кейін білім бәйгесі мен спорт жарысы да ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстың бағдарламасына арқан тарту, гір спорты және табан тартыс кіріп, қызықты әрі тартысты сайыстарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Мәселен, арқан тартудан үшінші орынды Мухаджирлер командасы еншілесе, екінші орын Халифат командасына, ал бірінші орын Ақсай мешіті командасына бұйырды. Гір спортынан 70 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Өтәлі Азамат жеңіп алса, екінші орынға Ғұмаров Дамир тұрақтады. Жүлделі үшінші орынды Занғалиев Дархан иеленді. Аталған спорт түрі бойынша 80 келі салмақ дәрежесінде зіл темірді барлығынан көп көтерген Мусиров Өмірбек жеңімпаз атанса, екінші орын Бурушов Сафарға бұйырды. Ал бұл үштікті Садықов Данияр қорытындылады.

IMG-20220813-WA0008Жанкүйерлердің қызығушылығын арттырған гір спорты +80 келі салмақ дәрежесіндегі қатысушылар арасында тартысты өтті. Бұл бәсекеде Бакесов Әлішердің бағы жанып, бірінші орынды қанжығаласа, екінші жүлдеге Сейсенов Әділхан лайықты болды. Сәл ғана есеп айырмасымен Сүлейманов Замир үшінші орынға табан тіреді.
Спортық шараларда көп таныла қоймаған табан тартыс жарысы көпшілікке ерекше әсер қалдырды. "Күш атасын танымайтыны" осы спортта білінді. Әрі қызықты әрі таңсық спорттанда үш салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтады. Ең кіші, 70 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға Қошқарбаев Исатай ие болса, екінші орын - Өтәлі Азаматқа бұйырды. Үшінші орыны Нұрғалиев Армат еншіледі.
Табан тартыстың 80 келі салмақ дәрежесінде Жалиев Ерікке тең келер ешкім болмады. Садыков Данияр екінші, ал Демешов Азамат үшінші орындарды еншіледі. Қызықтың көкесі + 80 келі салмақ дәрежесінде өтті. Қарсыласқа берілмей, намысқа тырысқан қатысушылар шама шарқынша өз мықтылықтарын дәлелдеп бақты. Дегенмен, сайыстың аты сайыс. Сөйтіп бірінші орын Хамза Исмайлға, жүлделі екінші орын Хамзин Айболға, ал үшінші орын - Сейсенов Әділханға бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Парасат ҚБ - нің тиісті дәрежелі дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Айым Нұрғалиева, 
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале