Бүгін Қаратөбе аудандық мешітінде аз қамтылған отбасыларға көмектесу мақсатында қайырымдылық шарасы өтті. Шараға мешіт имамы Ә.Бекқазиев, «Ізгілік» ҚБ-нің төрағасы Ә.Жәнібеков арнайы қатысып, қайырымдылық ұғымы турасында түсінік берді.

– Қазіргі таңда ҚМДБ-ға қарасты мешіттер жеті бағыт бойынша жұмыс атқарады. Соның бірі – қайырымдылық бағыты. Қазіргі таңда қоғамда қымбатшылықтың орын алуына байланысты кей жанұяларда балаларына киім алатын қаражат болмауы мүмкін. Сол себепті мешітте өткізілген қайырымдылық шараларының маңызы зор, - дейді аудан имамы Әділжан Төлебайұлы.
Аудандық мешітте өткізілген қайырымдылық шарасында балаларға және ересектерге арналған киім-кешектер, аяқ киімдер қойылып, барлығы дерлік мұқтаж жандарға таратылып берілді.
Әмірбек Әлібекұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz