14.02.2023, 21:51
Оқылды: 17

Меже биік, мақсат айқын

Кезекті есепті кездесу Жаңақазан, Жаңажол ауылдық округтерінде жалғасты. Жаңақазан ауылдық округіндегі жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық электр торабының басшысы Сәтжан Габдуллин, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Асылан Оразалин және жергілікті тұрғындар қатысты. Ауылдық округ әкімі Садуахас Губашев өткен жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

IMG_7528 (1)

Яғни, ауылдың кірме жолы, паром өткеліне күрделі жөндеу, ауылшаруашылық саласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала, ауыл тазалығы, көше жарығы, мал азығы сынды бірқатар мәселелердің шешімін тапқан және әлі де жалғасатын тұстарын атап өтті. Сондай-ақ жуырда облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесу барысында ауыл тұрғындарының өтініші бойынша ауылға 24 сағат қызмет ететін стационар және дәрігер қажет екенін жеткізген болатын. Аталған жағдай бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Одан әрі аудан әкімі Д.Әмірханұлы:

-Биыл халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын, табысын арттыру мақсатында көптеген жобалар жүзеге аспақшы. Атап айтсақ, қайтарымсыз грант және 35 жасқа дейінгі жастар 2,5%-бен 5 млнға дейін кепілмен несие алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан мемлекеттің беріп отырған мүмкіндігін пайдаланып, әр адам өз ауласынан болса да жеке кәсіппен шұғылдануы қажет. Облысымыз ет өнімдерімен 100% қамтылған. Ал көкөніс, бау-бақша, құс өсіру жұмыстарымен айналысатындар саны аз. Аталған өнім түрлері басқа облыстардан немесе шет елдерден тасымалдануда. Немесе мемлекеттік бағдарламамен шиномонтаж, шаштараз, наубайхана сынды кәсіп нысандары бой көтерсе өздеріңізге де жұмыс әрі халыққа да пайдалы. Еңбек етем деген адамға жұмыс табудың жолдары жетерлік,- деп сөзін аяқтады.

IMG_7508

Содан соң сұрақ-жауап форматына ауысып, ауыл тұрғындары Рамазан Бірімжаров, Жұмагелді Аликешов, Мейрам Берденов, Абзал Ғаббасов, Сәлима Сүндетқалиева, Жұмағаным Қабдешова және Сәуле Утеғазиева ауылдағы электр жарығының кешкі мезгілдегі әлсіздігіне байланысты үй техникаларының жанып кеткенін айтып, транформаторларды ауыстыру қажеттігін жеткізсе, бірі тозығы жеткен газ құбырларының ақауына шағымданды. Жаңақазан ауылының электр торабының басшысы Вахтан Бегалиев және медициналық пункттің фельдшері Айгүл Урахаева жұмыс барысына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.  Д.Әмірханұлы жеке қабылдау жүргізіп, тұрғын үй, су мәселесі, жеке кәсібіндегі кемшіліктер, ақылы жұмыс жөнінде көптеген тұрғындардың өтінішіне жауап берді.

IMG_7521

Одан әрі есепті кездесу Жаңажол ауылында жалғасты.  Жиынға аудандық аурухана басшысы Ербол Сәрсенғалиев қатысты. Аталмыш ауыл әкімі Айбек Ишанов 2022 жылғы жүзеге асқан және алда тұрған міндеттер жөнінде баяндама жасаса, аудан әкімі жоғарыда аталған халықтың әл-ауқатын арттыратын жобалар жөнінде айтып, шаруақожалықтарының иесіне қарамағындағы қызметкерлерін enbek.kz сайты арқылы алып, заңға сәйкес жұмысқа қабылдауды тапсырды.

IMG_7522

Сұрақ-жауап форматына ауысқан жиында ауыл тұрғындары Шолпан Бекесова, Зоя Шайхиева, Серік Базарбаев, Дина Бисенова, Мақта Хайрлиева, Жанбатыр Жүзжасарұлы жұмыс тапшылығы, қыс мезгіліндегі су құбырының қатып қалуы, бұралқы иттердің көбеюін айта келе, ауылға сантехник қажет екенін жеткізді. Аудан әкіміне  тұрғындар жеке мәселелері бойынша  қабылданды.

 

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале