2.05.2017, 17:39
Оқылды: 72

Миллион теңге ұтып алды

Janakala ytis milion  Оралдағы «Fora» сауда үйі ұйымдастырған «Смартфон алып, миллион ұт» ұтыс ойынына қатысқан жаңақалалық Ажар Қойшыбекова 1 миллион теңге ұтып алды.


  Бір ай бұрын Орал қаласындағы аталмыш сауда үйінен немересіне «Самсунг» ұялы телефонын алып берген оның қолына сауда үйінің қызметкерлері ұтыс ойынына қатысқаны туралы купон ұстатыпты. 28 сәуір күні телефонына қоңырау шалған біреу: «Сіз 1 миллион теңге ұттыңыз» деп хабарласқанда, аңтарылып қалған. Сөйтіп, қуанышын дереу тума-туысқандарына айтып, Орал қаласына жол тартыпты.

  «Ұтыс ойынына күтпеген жерден қатыстым. Ал ұтыстан жеңіп кетуім мен үшін тосын сый болды. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Қуанышымда шек жоқ», - дейді жолы болған жан.

  Ажар Қойшыбекова - Бірліктің тумасы. 40 жылдан астам ауылда қарапайым газет тасушы болып қызмет еткен оның зейнетке шыққанына 1 ай ғана болыпты. Ол зейнетке шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Өзі ән салады, ауылдық «Ақ әжелер» клубының белсенді мүшесі.

Н.Есетова

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале