29.10.2021, 20:13
Оқылды: 85

Министр Қаратөбеге келді

Бүгін Қаратөбе ауданына ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев келіп, аудан орталығы Қаратөбеде жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

497D7287-09E7-4EB8-B8B6-429358757FEA

 Министр Серікқали Аманғалиұлы алдымен күрделі жөндеуден өткен «Қаратөбе» спорт клубы ғимаратындағы атқарылған құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанға жүргізілген жөндеу жұмыстарымен спорт клуб басшысы Екпін Тналиев таныстырды.

5BC71B07-8377-4C93-8414-706012F3791A

Одан соң ауданымызға келген лауазымды тұлғалар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында медігер «Dizain-D.A.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күрделі жөндеуден өткізіп жатқан үш қабатты аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесі ғимаратындағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

092949FC-9EAE-44EF-85AF-9D296422D261

Құрылыс жұмыстарының жүру барысымен таныстырған Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Абат Зейнуллин:

– Аталған ғимараттың мемлекеттік сатып алу порталы бойынша күрделі жөндеу және қайта жоспарлау бойынша ашық конкурс негізінде құрылысы жүргізілуде. Жоба құны - 99 млн. 543 мың теңге.

Күрделі жөндеу жұмыстары биылғы шілде айының ортасында басталды. Қазіргі таңда құрылыстың 89 пайызы аяқталды. Күрделі жөндеу жұмыстарын қараша айының соңында аяқтау жоспарлануда, - деді.

7C68506C-C3AA-4184-80EA-60E73EC9BC28

Келесі кезекте Серікқали Аманғалиұлы аудан орталығындағы 11 көшеге 9,2 шақырымды құрайтын жолдарды қайта жаңғырту жұмыстарының жүру барысын көріп, мердігер компания өкілдерімен жүздесті. Жол құрылысын жүргізуші мердігер «Ануш-Құрылыс» ЖШС өкілдерімен кездесуде жол құрылысының салыну сапасы мен аяқтау мерзімі турасында сұрады.

78068942-8A5E-49E0-8D23-470B8F9AEC78

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жол құрылысы туралы барлық мәліметті Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев баяндап берді. 

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің ауданға сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев бірге жүрді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале