11.08.2022, 16:01
Оқылды: 89

Мобильді топ ауылдарда

Бүгін «Ауыл аманаты» жобасының мобильді тобы мүшелері Шыңғырлау ауданына іссапармен келді. Олар алдымен ауданға қарасты Ащысай ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесті.

2

«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – ауыл-ел тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуді ұлғайту, 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие алудың жолдары, еңбек табысын артттыру, ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру жолдарымен таныстыру мәселелері төңірегінде ауыл халқына нақты мәліметтер беру, пікір-алмасу.

Басқосуды ашқан аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов мобильді топ мүшелеріне өнікті жұмыс тілей келе, өкілдерге сөз кезегін берді. Округ тұрғындары алдында «Ауыл тұрғындарының табысын арттыру» тақырыбымен Э. Кубеева, Д.Сүйінішқалиева, А.Имағанбетов, Н.Шарафеддинова, А.Абуов және З.Жұмабаев сөз алып, жобаның мақсатына орай негізгі тақырып төңірегінде егжей-тегжейлі әңгіме өрбітті. Әсіресе, ауыл тұрғындарын толғандыратын тұрақты жұмыс мәселесі төңірегінде көңілге жететін әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, шаруа адамын алаңдататын ауыл шаруашылығына қажетті жаңа техникаларды лезингпен алудың тиімді тұстарына да үңілді.

3

Кездесуге келген ауыл тұрғындары өздеріне қаджетті мәліметтерді тыңдай отырып, қажетті деп тапқан сауалдарын да жолдап отырды. Басқосуға аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер мен  шаруа құрылымдарының басшылары қатысып отырды.

Осындай мақсатты көздеген жиын аудандық мәдениет үйінде де жалғасын тапты. Одан әрмен мобильді топ мүшелері Ақбұлақ ауылдық округіне де ат басын бұрып, жергілікті халықпен жүздесіп, жүздесудің басты мақсатын тұрғындарға жеткізді.

Г. Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале