Үш жүзге ән оздырған әйгілі композитор, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкіліМұхит Мерәліұлының 185 жылдықмерейтойына арналған «Мұхит баба ізімен» атты тарихи-танымдық экспедиция аясындаҚаратөбе ауданының делегациясы Ақтөбеоблысының Қобда, Ойыл ауданына барды.

Экспедиция Мұхит Мерәліұлының мол мұрасын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу жәнеөңіраралық мәдени байланысты нығайтумақсатында оздырылды.
Сапар барысында экспедиция мүшелерінҚобда, Ойыл аудандарының әкімдері арнайы қарсыалып, жылы лебізін білдірді. Кездесу кезінде ауданбасшысылары аталған бастаманың маңыздылығынатоқталып, Мұхит Мерәліұлы мұрасын ұлықтау – ұрпақ парызы екенін атап өтті. Сонымен қатарөңірлер арасындағы мәдени-рухани байланыстыдамытуға бағытталған мұндай игі шараларғақолдау білдіретінін жеткізді.

Шара аясында қос ауданда «Мұхит баба ізімен» тарихи танымдық конференциясы өтті.
Кездесуде сөз алған М.Өтемісов атындағыБатыс Қазақстан университетінің доценті, тарихғылымдарының кандидаты Жаңабек ЖақсығалиевМұхит шығармашылығының қазақруханиятындағы орны ерекше екенін атап өтті.
– Мұхит Мерәліұлы - XIX ғасырда өмір сүргенқазақтың әйгілі композиторы, дәстүрлі ән өнерініңірі өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан өңіріндедүниеге келіп, жастайынан ел ішіндегі ән-жырдәстүрімен сусындап өскен. Табиғи дарыны мен ерекше дауыс мүмкіндігі оны ерте жастан-ақ өнержолына жетеледі.

Мұхит өз заманында тек әнші ғана емес, жаңабағыт қалыптастырған композитор ретіндетанылды. Оның шығармашылығы қазақтыңхалықтық ән өнерін жаңа көркемдік деңгейгекөтеріп, орындаушылық мәдениетті байытты. Ол ел аралап, түрлі жиын-тойларда, жәрмеңкелерде өнеркөрсетіп, өз әндерін кеңінен таратты.
Мұхит бабаның халық арасында кең тараған «Айнамкөз» әнінің осы өңірмен сабақтастығы туралы деректер бар. Композитор бұл әнді Қобда өңіріндегі көркіне ақылы сай, ибалы да инабатты Құралай есімді сұлуға арнаған деген әңгімелер халық арасында күні бүгінге дейін айтылады. Сонымен қатар, Мұхит Мерәліұлының Ойыл өңіріндегі тарихи маңызы зор Көкжар жәрмеңкесінде ән шырқап, өз өнерін халыққа кеңінен танытқан.

Мұхит бабаның өнердегі орны қашанда биік. Белгілі музыка зерттеушісі Александр Затаевичтің өзі Мұхитты «қазақтың Баяны» деп бағалаған. Бұл – композитордың әншілік қуаты мен орындаушылық шеберлігіне берілген зор баға. Мұхиттың кең тынысты, күрделі әндері қазақ музыка өнерінің кәсіби деңгейін танытатын бірегей туындылар саналады,- деді.

Кездесуде дәстүрлі әнші-термеші, ҚР Мәдениет қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының әртісі Сағдат Рахметжанов Мұхит қалыптастырған әншілік мектептің қазақ дәстүрлі музыка өнеріндегі ерекше орнына тоқталып, бұл мектептің кейінгі буын өнерпаздары арқылы жалғасып, дамығанын атап өтті.
Сағдат Ғабдынасырұлы Мұхит дәстүрін жалғастырып, оны кеңінен насихаттауда Ғарифолла Құрманғалиевтің еңбегі зор екенін айтып, халық әртісінің батыс өңірінің әншілік мектебін сақтап, кәсіби деңгейге көтерген тұлғалардың бірі болғанын жеткізді.
Сонымен қатар ол Үш жүзге ән оздырған ұлы композитор Мұхит Мерәліұлының әндерінің ерекшелігіне тоқталып, оның шығармаларының кең тыныстылығымен, күрделі орындаушылық құрылымымен және жоғары вокалдық шеберлікті талап ететін табиғатымен ерекшеленетінін атап өтті. Оның айтуынша, Мұхит әндері диапазонының кеңдігі, классикалық музыкалық үлгілер мен опералық орындау мәнеріне жақын келеді.

Сондай-ақ журналист, өлкетанушы, «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Қазбек Құттымұратұлы өңір тарихы мен Мұхит әндерінің халық жадындағы орны туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
Экспедиция барысында Қобда ауданында қатысушылар қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Сонымен қатар Қобда тарихи-өлкетану музейінде болып, өңір тарихы мен мәдени мұрасына арналған құнды жәдігерлермен танысты. Экскурсия барысындамузей қызметкерлері ауданның тарихы, өңірденшыққан тарихи тұлғалар мен мәдени мұралартуралы жан-жақты мәлімет берді.
Экскурсия барысында музей қызметкерлеріэкспедиция мүшелеріне өлкетанушы НұржанЖетпісбайдың «Қобда өңірінің тарихы» энциклопедиялық еңбегін табыс етті.
Ал Ойыл ауданында делегация «Көкжар» жәрмеңкесі атымен тарихта қалған әйгілі аумақтыаралап, оның терең тарихи-мәдениерекшеліктерімен жан-жақты танысты.
Сапар барысында өңір тарихына қатысты тыңдеректер айтылып, Көкжар жәрмеңкесі кезінде тек сауда-саттық қана емес, сонымен бірге өнер мен мәдениет, ел ішіндегі жаңалықтар алмасқан ірірухани алаң болғаны атап өтілді. Мұнда солкезеңде қазақ даласының әр түкпірінен келгенсаудагерлер, қолөнершілер және өнерпаздар бас қосып, өңірдің экономикалық дамуына да, мәдениөркендеуіне де зор ықпал еткен.

Экспедиция «Қаратөбем – ән мен жырдыңордасы» атты концерттік бағдарламасыменжалғасты. Кеш Мұхит Мерәліұлының «Зәуреш» әнімен ашылып, халықтық ұлт аспаптар оркестрі, жас өнерпаздар қазақтың бай музыкалық мұрасынкеңінен насихаттады. Бағдарламада Мұхиттың«Көк айдайы», халық әндері мен заманауишығармалар орындалып, көрерменге ерекшерухани әсер сыйлады. Кеш соңында «Қаратөбе – әнмен жырдың ордасы» әні шырқалып, өнерсүйерқауымға ерекше әсер сыйлады.
Тағылымды кештің қорытынды бөлімінде қосаудан әкімдері экспедицияның рухани-мәденимаңызына кеңінен тоқталып, ұлттық мұраныұлықтауға бағытталған мұндай тағылымдышаралардың өскелең ұрпақтың бойындаотансүйгіштік, өнерге құрмет және тарихи сана қалыптастырудағы рөлі айрықша екенін атап өтті.

Шара барысында қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, кештің көркемдік мазмұнын байытқан өнерпаздарға ықылас гүлдері ұсынылды.
Р.Абай,
Қаратөбе ауданы