7.11.2019, 12:07
Оқылды: 124

Музейде прокуратура қызметкерлеріне арналған бұрыш ашылды

Қазталов аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазталов өңірінен шыққан прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған бұрыш ашылды.

qaztalov (3)

Шараға аудан әкімі Альберт Есалиев, облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев, прокуратура органдарының ардагерлері Жеңіс Қапезов, Ғинаят Салықов, Бақытжан Сарбасов, мекеме кәсіпорын басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

qaztalov (1)

 - Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз артып келе жатыр. Басты жұмысымыз әр азаматтың мүддесін қорғау, бізге артылған мол сенімді артығымен ақтау. Прокуратура органдарының қызметкерлері Мұқатып Әжханов, Тілепберген Әділов, Абжай Садиев, Исқали Мұқанов, Жағылтай Искиндированың еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі. Осындай құрметке лайық жандардың еңбегін бағалап, музейден бұрыш ашқандарыңызға алғысым шексіз, - деді облыс прокуроры Жандос Жәнібекұлы.

qaztalov (2)

 Қатысушылар музейді аралап, рухани азық алды. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған бұрышта өткеннен сыр шертетін естелік суреттер, құнды құжаттар және бюст орнатылған. Шара соңында осы салада тер төккен ардагерлер құрметтеліп, сыйлықтар табысталды.

Диана Бақсық

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале