БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

28.12.2022, 15:15
Оқылды: 1461
Нариман Төреғалиев: «Бұлдыртыға кешен салып беру – абыройлы міндетіміз!»

Бүгін Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында су жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені  пайдалануға берілді. Бұлдырты ауылындағы тарихи оқиғаға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

2

– Ұлт саулығын басты құндылық деп бағалайтын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, осы мақсатты «100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені» жобасын іске асыруды міндеттеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2021 жылы облыс бойынша 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілсе, бүгін, міне су жаңа нысан Бұлдырты ауылынан есігін ашты.

5

Сырым ауданы – спорттық-бұқаралық жұмыстың қайнаған ортасы, майталман спортшылардың киелі мекені, атақты спорт шеберлері мен чемпиондар ұстаханасы. Жұлдызды спортшылар арасында Бұлдырты ауылының тумалары көп. Мықты спортшылар түлеп ұшқан ауылға жаңа кешен салып беру – абыройлы міндетіміз, - деді өңір басшысы.

Мерейлі сәтте ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Саукелин, ел азаматы Найман Қайыров сөз сөйледі.

Кешенді салтанатты түрде ашу құрметін Нариман Төреғалиев пен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Әлем чемпионатының күміс жүлдеге ие болған тұңғыш қазақ Нұрлан Бекжанов жүргізді.

7

Бұлдырты ауылындағы 50 көрермен орындығы бар блокты-модульді ғимаратты құрастыру жұмыстары тамыз айында басталды. Жоба құны – 223,4 млн теңге. Мердігер – «QazDamuConstruction» ЖШС.

 

Ғимаратта Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің Бұлдырты ауылындағы волейбол, футбол, баскетбол үйірмелерінен бөлек, Бұлдыртының «брендіне» айналған еркін күрес секциясы орналасады. Жертөледе жаттығып - ақ жауырыны жерге тимеген балуанға айналған Руслан Бекжановтың шәкірттері ендігі додоларға жаңа, жарық, жылы, замауани залдан аттанады болды.

Армрестлер ару, көк байрақты Бухарест аспанында қалықтатқан Әлем чемпионы Гауһар Рустамова, Түркиядағы ғалам жарысында күміс алған Рүстем Жәдігер де осы кешенде жаттығады. Бапкер – Төлеген Құраш.

8

Салтанатты ашылудан кейін облыс әкімі аудандағы әріптесі Төлеген Төреғалиевпен бірге нысанды аралап, спортшылармен жүздесті.

Белгілі балуан, сладо күресінен екі дүркін Әлем чемпионы, грек-рим және еркін күрес федерациясының Президенті Бауыржан Бегайдаров, федерацияның өңірдегі өкілі Асхат Еламанов ауылдағы ізбасарларына олимпиада жейделерін табыс етті. Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров Бұлдыртының балғын балуандарына 30 дана спорттық киім сыйлады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Суреттерді түсірген: Айжан Амангелдина

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале