28.09.2022, 10:45
Оқылды: 60

Нарын қасіреті – ашылмаған ақтаңдақ

Ауданымыздың ақсақалдары Әділгерей Ғаббасов пен Хайролла Сабиров елге арнайы келіп, көпшілікпен кездесті. Кезінде ауданымызда жауапты қызметте болған ағаларымыздың бұл жолғы келісі бөлек. Тек Бөкей ордасына ғана емес, көршілес Жәнібек, Казталов аудандарында болып, ауылдың аға буын өкілдерімен, музей, архив қызметкерлерімен кездесіп, ауданымызға қатысты тарихтың ақтаңдақ беттерін жариялауға қатысты мәселені көтеріп жүр екен.

15

–Ауданымыздың қайта құрылғанына елу жыл деп бірқатар шара өткіздік, әлі де өткізерміз. Бірақ мұнымен тарих түгелденбейді. Бөкей ордасы тұңғыштар мекені, тарихи орда ғана емес.  Басынан кешкен қасіреті де бес елі. Сталинград майданында соғыс оты шарпығаны бар, ядролық сынақ алаңына айналып қасірет шеккені бар, сол полигон аумағын босатып беру үшін мәжбүрлі түрде елден көшіріліп, Шымкент асып, торғайдай тозып қалғанымыз тағы бар. Шешен, корей депортациясы туралы талай еңбектер жазылып, деректі фильмдер де түсірілді. Ал өз елімізде тұрып, мәжбүрлі түрде атақонысты тасып, бордай тозған біздің аудандардың тарихы еш жерде қатталмаған. Архивтерде де некен-саяқ. Біз аға-апаларымыздың аузынан естіп, құлағымызда қалды. Біздің енді борышымыз осы қасіретті тарихты өскелең ұрпаққа жеткізу. Осы мақсатта «Нарын қасіреті» атты қоғамдық бірлестік құрып, осы жұмыстарды қолға алып отырмыз, - деп сөз бастады Әділгерей ағамыз.

16

Әділгерей ағамыз сөз арасында көршілес аудандарда атқарылып жатқан іс-шараларды тілге тиек етті.

17

Мәселен, Казталовтың Қараобасында Нәсіпқали Иманғалиұлының ұйымдастыруымен солақай саясаттың салдарынан атажұртынан қоныс аударып, жапа шеккен аға буынның рухына ескерткіш орнатылып, ас берілмекші.

18

Жаңақалалықтар да картада ізі, тарихта аты қалмаған ауылдардың қасіретін ұрпаққа жеткізуде ескерткіш тақта орнатпақшы екен. Хайролла ағамыз өлке тарихын түгендеуге аға буынның белсенділігімен бірге ауыл мектептеріндегі музейлердің жұмысын жандандыру қажет деген ұсынысын айтты.

19

 Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале