23.07.2021, 14:35
Оқылды: 18

Насихат жұмысы қарқынды жүруде

Екі күннен соң алғаш рет өзге форматта ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бәйтерек ауданында өкілеттік мерзімі аяқталған Январцев, Чиров, Зеленое ауылдық округтарының ауыл әкімдері сайланады.

sailau 2021

Қазіргі таңда орталық сайлау комиссиясына тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Олар осы кезге дейін 152 шара ұйымдастырған.

Үгіт-насихат жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, үгіттеу материалдары арқылы жүзеге асуда. Үміткерлер мен сенімді өкілдер ауылдық округтерді аралап тұрғындарды сайлауалды бағдарламамен таныстыруда. Жүйелі түрде әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер ұйымдастырып, үн парақтар таратуда. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясы белсенді жүзеге асып жатыр.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале