27.05.2021, 9:12
Оқылды: 27

«Наурыз» күнбағыс егуде

Кешегі аптада Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Аралтөбе ауылдық округіндегі егістік алқаптарын аралап, көктемгі далалық жұмыстармен танысты.

D3F8F72B-A256-4025-846D-453C8802A057

Қызылағаш ауылының маңындағы «Наурыз» шаруа қожалығының егістігіне аялдаған Төлеген Төреғалиев округ әкімі Әділхан Мұхитовпен бірге механизаторлармен кездесті.

Ғалым Наурызғалиев жетекшілік ететін «Наурыз» шаруа қожалығы кейінгі жылдары дән салуға ден қойды. Биыл қожалық 1000 га алқапқа күнбағыс егуді жоспарлап отыр. Дән себу жұмыстары 70 пайызға аяқталды.

C75DA348-1106-486B-BCC1-8C31E0CDB04A

«Наурыз» ШҚ далалық жұмыстарды су жаңа техникалармен жүргізіп жатыр.

9FBC5994-8C3D-42BF-992D-982616BC826D

 Б. Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале