28.03.2022, 17:20
Оқылды: 74

Наурыз Жолдауы халықтың қолдауына ие

Биылғы наурыздың басты жаңалығы саналатын Президентіміз Қ.Тоқаевтың қазақстандықтарға арнаған Жолдауы халық арасында да, бұқаралық ақпарат беттерінде де кеңінен талқыланып, жұртшылықтың оң бағасын алуда. 

IMG-20220328-WA0053

Жолдауда айтылған келелі мәселелер мен кесекті ойлар көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны да рас. Мемлекет басшысының ұсынған басқару жөніндегі, сайлауға байланысты қауіпсіздік пен тыныштық жайлы мәселелері бүгінгі таңда аса маңызды. Сонымен қатар, Республика бойынша Абай облысы, Жетісу облысының құрылуы да көптің көксеген жерін дәл тапқандай. Елдің экономикалық тұрғыдан да екпінді дамуы жөніндегі мәселеге де жасалған нақты қадамдар әсер етері сөзсіз.

Партиялардың санының да, сапасының да артуы керектігі заман талабы. Сайлаудың ашық түрде өтуі, оны өткізу кезіңде заң талаптарының сақталуы, әділ және таза өткен сайлаудың нәтижесінде депутаттардың сараланып, сапалық құрамынан жақсаратыны да белгілі.

Биылғы Наурыздың қай-қай жағынан да көптің ойынан шыққаның барша қалың жұртшылық мойындап отыр.

Ал, Қапшағай қаласына халқымыздың жүрегінен орын алатын Д.Қонаевтың есімі берілуің халқымыз ұлы қайраткерге, білікті басшыға үлкен құрмет деп бағалады.

Жолдауда құқық қорғау институттары құрылып, ақпарат құралдарының да беделі өсетін болады. «Күшті Президент-ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алуымыз да Тәуелсіздігіміздің тұғырың бекітіп, ел енсесін көтерері анық. Жолдауды сан салалы талдап, толғанып оқыған әрбір қазақстандық азамат оны өзінің болашаққа қадамының бағдаршамы, өмір сүруінің бастау бұлағы ретінде қабылдады. Болашағымызға сеніммен қарап, өміріміздің сән-салтанаты артып, күшті мемлекеттер қатарынан көрінетінімізге сеніммен қарауымыз абзал.

А.Талдыбаев,

Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының фракция мүшесі 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале