15.03.2022, 19:30
Оқылды: 112

Нәзік жандар арасындағы волейбол

Жаңақала аудандық спорт кешенінде «Jastar» спорт клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай волейболдан қыздар арасында аудандық жарыс өтті. Аудандық жарыста Бірлік ауылдық округі, С.Меңдешев ауылдық округі, Жаңақазан ауылдық округі, Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі, №3 жалпы орта білім беретін мектебі, қосымша білім беру педагогтары, Жаңақала мектеп-гимназиясы, Жаңақала колледжі командалары бақ сынады.

Нәзік жандар арасындағы волейбол (2)

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Ғұмаров, №3 ЖОББ мектебінің директоры Әлихан Досмұхамбетов қатысты. Қазақстанымыздың көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалды. Содан соң дүбірлі доданы Жаңақала колледжі мен Жаңақала мектеп-гимназиясы командалары бастап кетті. Жарыстың қорытындысы бойынша Бірлік ауылдық округі командасы жеңімпаз атанса, Жаңақала мектеп-гимназиясы командасы ІІ орынға ие болды. Жаңақазан ауылдық округінің командасы ІІІ орынға табан тіреді. Бұдан бөлек топтан оза шапқан ойыншылар да жүлдеден құр қалмай, түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, Алма Мазитова (Жаңақала мектеп-гимназиясы) «Үздік ойыншы» атанды. «Үздік шабуылшы» Мейрамгүл Айтқалиеваға (Жаңақазан ауылдық округі) берілді. «Үздік байланыстырушы» аталымын Динара Қуанышқалиева (Бірлік ауылдық округі) еншіледі. Жүлделі орын және үздік аталым иелері аудандық «Jastar» спорт клубының дипломдарымен, медальдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале