18.06.2021, 12:00
Оқылды: 76

«Ниетке» ниеттес болайық, ағайын!

Оразғалиевтер жанұясы апатты жағдайдағы үйде бірнеше жылдан бері күнелтіп келеді. Тұрмысын түзетуге ниетті Нұрлан бауырымыз өз бетінше жөндеу жұмыстарын жөндеуге білек сыбана кірісіпті де. Үйдің ішкі қабырғасын сылап, пешті бұзып қойыпты, ескірген электр сымдарын ауыстырғысы келеді... Әттегенайы, Нұрланның ниеті түзу, мақсаты айқын болса да қолы қысқа...

4A9DE348-8953-4BA7-9071-D8DA606AC72F

Осындайда адамдардың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын, жанашырлығын танытатын асар дейтін игі дәстүріміз еске түседі емес пе... Асарлатып жақсы іске жұмылсақ, сіз бен біздің қолдауымызға зәру жас отбасының аяққа тұрып кетуіне септігіміз тиер еді.  «Масылдыққа үйретіп жатырмыз, өз күндерін өздері көрсін» деп кертартпалық білдіретіндерге бірден ашып жаза кетейін. Оразғалиевтер ешкімге алақан жайып, мұқтаждығын бұлдап, көмек сұраған емес. Сұрамас та еді...  Жұмыс барысымен бас сұққанымызда көргеніміз осы. Шарасыз отағасы, көнбіс ана, алаңсыз сәбилердің жұпыны тірлігі біраз уақытқа дейін ойымыздан шықпады. Миллиондап ақша суырып бере алмасақ та жақсы іске себепші болып, «Ниет» деп әлеуметтік жобамызды қолға алдық. Осы орайда бір нәрсені қаперлеріңізге берсек деймін.  Біз "Ниет" арқылы ел-жұрттан ақша сұрап жатқанымыз жоқ.

  Құрылыс жұмыстарының жөн-жосығын жақсы білетін Қайрат Насимоллин ағамыз да сергектік танытып, Нұрланның жағдайын көзбен көрмекке арнайы келді. Ауылдас інісіне ақыл-кеңесін айтып қана қойған жоқ, қажетті материалдарды жеткізіп беруге уәде берді. Жоғы түгенделмей жүрген ауылдасымызға қолұшын созып, сіз де әрекет қылсаңыз. Өзіңізден артылған азын-аулақ материал мен аз-маз пұлыңыз үш бірдей балақайдың таза, жылы үйде өмір сүруіне үлкен көмек болмақ. Қайырымдылықтың қайырлы іс екенін білетін бөкей жұрты Нұрлан Оразгалиевтың жағдайына бей-жай қарамайтынына сенеміз.

 "Ниетке" ниеттес болайық, ағайын!   Қосымша сауалдарыңыз болса  87769146283нөміріне хабарлассаңыздар болады

Арайлым  Марат,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале