25.10.2021, 9:35
Оқылды: 67

Новенький ауылында волейбол бәсекесі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Железнов округіне қарасты Новенький ауылында округ жастары волейбол турнирін ұйымдастырды.

2

Бұқаралық спортты дамытып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен бәйгеге ауданға қарасты ауылдардан келген командалар қатысты.

Ұйымдастырушылар доп додасы аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен қатар, көршілес округтар арасындағы достық қарым-қатынасты күшейте түсу үшін өткізілгенін айтады.

Жарыс қорытындысында, Железново командасы өзгелерді шаң қаптырып, жарыс жеңімпазы атанса, зеленыйлық волейболшылар екінші, егіндібұлақтықтар үшінші орынға жайғасты. Сонымен қатар, тартысты ойында белсенділігімен көзге түскен Асыланбек Сәлімжанов «Үздік ойыншы», Салихан Шамешов «Үздік шабуылшы», Дамир Сайлауов «Үздік байланыстырушы», Дархан Туксумбаев «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болды.

5

Жеңімпаз бен жүлдегерлер және үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале