Бұлдырты - еркін күрестің Отаны деген сөзді Еуропа мойындағандай.

Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен ересектер арасындағы "Gran Premio de Espana" халықаралық турнирінде бұлдыртылық балуан Нұржан Исағалиев 92 салмақта чемпион атанып, қазақ туын желбіретті.
Нұржанның алғашқы бапкері - Руслан Бекжанов.
Бірақ, бүгінгі таңда ол Астана қаласында Нұрлан Бекжановтың қол астында жаттығып, ауылдас ағасынан тәлім алуда.
Нұржан кешегі жеңісі арқылы халықаралық спорт шебері нормативін орындады.
Б. Шерім,
Сырым ауданы