27.07.2020, 17:21
Оқылды: 89

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғырлауға жұмыс сапарымен келді

Облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен келді.

1B5A8D3A-E435-4FEB-8014-AFD5E997D292

 Сапар барысында Мұхтар Наурызбайұлы ауыл шаруашылық саласындағы шөп шабу науқанымен және аудан көлемінде жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. Облыс әкімінің орынбасары, ең алдымен, Алмаз ауылына ат басын бұрып, «Баянас», «Жомарт» шаруа қожалықтарын аралап, кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен жақын танысты. «Шаруа қожалықта 5000 гектар көлемінде жер бар. Биыл 1500 гектар жерді 3 агрегат техникасымен 80 мың тонна шөп шабылып, қысқы мал азығы 100 пайыз дайындалды»,- деді «Жомарт» қожалығының басшысы Дастан Ульяров.

8B10CD5A-9F81-41E8-A737-9A07BDC3CD52

Одан кейін Мұхтар Наурызбайұлының жұмыс сапары Ақшат ауылында жалғасып, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде және Мұхамбетов көшесінің автожолында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Білім ордасының құрылыс жұмыстарын жөндеуге жауапты «Жиенбай» ЖШС және жол құрылысын бастаған «Айдана» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, сапаға аса мән беруді жете тапсырды. Бұл ауылдық округте де облыс әкімінің орынбасары шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп, қысқы маусымға дайындық жұмыстарын қарады. Қажетті шөп қорын жинақтап болған соң, өзге аудандарға да сатылымға шығару жолын қарастыруды ұсынды.

BDDB9E9C-057A-4BCA-B4B4-848777AB122E

Келесі ауылдық округ Ақбұлақ ауылында мамыр айында басталған жаңа мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарымен жіті танысты. Жергілікті ауылдан қанша адам жұмысқа қамтылғандығын анықтап, құрылыс барысында қазақстандық өнімдерді қолдану, уақытында үлгеру, сапаға мән беру секілді тапсырмалар берді.

2E785939-677B-4A9A-95C1-91E9640298FB

Бұдан кейін Мұхтар Наурызбайұлы Шыңғырлау ауылына бет алды. Аудан орталығында «Дән» мәдениет үйінің және Тасмағамбетов көшесінің автожолына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар дене шынықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына қанық болды.

8A5F32E7-DF78-429C-AC94-7994258BE674

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале