9.02.2023, 16:15
Оқылды: 69

Облыс асықшылары Шыңғырлауда басқосты

Ұлттық спортымыздың дамуына үлес қосып жүрген асықшылар арасында «Қоғамдық жаңғыру» бағдарламасы аясында 2023 жылдың 3 мен 4 ақпан күндері  Ақбұлақ ауылында  «Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай»  ұлттық ойын «бес табан» - асық атудан ересектер арасында аудандық ашық турнир өтті.

WhatsApp Image 2023-02-05 at 22.14.36

Ашылу салтанатында  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі директорының міндетін атқарушы  Қамидолла Ислямқұловтың, аудандық БЖСМ директоры Манарбек Бектияровтың және БҚО  асық спортының аға жаттықтырушысы Ержан Өтеғалиев спортшыларға сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

фото асық

Жарыс қорытындысында І орынды Сырым ауданы,  ІІ орынды Бөрлі ауданы,  ІІІ орынды Ақжайық ауданы иеленсе, шыңғырлаулық жас асықшы Мерхан Тажимов «Үздік ойыншы», Сырым ауданының ойыншысы Нығмет Әсет «Сұрмерген» аталымын жеңіп алса, ардагер ойыншы ақжайықтық асықшы Қуаныш Телагисов жарысты ұйымдастырушыларға ерекше құрмет көрсетіп «Алтын сақа» сыйлады.

WhatsApp Image 2023-02-05 at 22.14.34

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шыңғырлау спорт клубы атынан  медаль, кубок, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар ауылдың ардагер спортшысы Әділхан Сейілханов жарысқа қатысушыларға қаржылай  демеушілік көрсетті.

М.Мендалиев,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале