11.02.2022, 22:20
Оқылды: 54

Округ әкімдеріне мол жауапкершілік жүктеліп отыр

Бүгін Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов халық алдында есеп берді. С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен есеп беру жиынына аудан әкімі Альберт Есалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, округ тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Казталов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды, әрі жетекші рөл атқаратын аудан орталығының әлеуеті артып, бірқатар ілкімді істер атқарылған. 
IMG-20220211-WA0152

Ернар Бахтиярұлы өткен жылдың 25 шілдесінде округ тұрғындарының басым дауысына ие болып, округ әкімі болып тағайындалған болатын. Халықтың қолдауына ие болған әкім жұмысын округ тұрғындарымен кездесуден бастап, бірқатар мәселелерді өзінің жұмыс жоспарына енгізіп, мәселенің оң шешімін табуына ықпал етті. Жалпы округте 2021 жылы ауыз толтыырып айтарлық жұмыстар атқарылған. Мәселен, округтың дамуында ауыл шаруашылық саласының маңызы зор. Өткен жылы округте ірі қара 9193 басқа, қой мен ешкі 35310, жылқы 1869 басқа артып отыр. Ал республикалық және жергілікті бюджеттен аудандық кітапхананың күрделі жөндеу, «Достық» саябағын абаттандыру, 11 көшеге қатқыл табанды және жаяу жүргінші жолдары мен 7 көшеге жаяу жүргінші жолдарын төсеу жұмыстары жүргізілген. Ал, жергілікті бюджетке атқарылған жұмыстар жөнінде әкім мынадай мәлімдеме жасады.

IMG-20220211-WA0156

-Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының ІV деңгейлі бюджеттің жылдық жоспары  236 млн 422 мың  теңгені құрайды. 2021 жылы  318 дана жарықтандыру шамдары сатып алынып, соның ішінде 293-і орнатылды. Сонымен қатар, С.Садықов  көшесін абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жасыл желек отырғызуға темір қоршау орнатылды. Казталов ауылынан көбік қазу, техникалық су қубырын пластикалық құбырға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 5000 м полиэтилен құбыр сатып алынып 4196 м құбыр  ауыстырылды. Ш.Шарафутдинов, С.Сейфуллин  көшесіне ұзындығы 1164 м көшеттер отырғызатын темір қоршау орнатылды. Тұрмыстық қатты қалдықтар жиналатын арнайы 12 дана контейнер жасалынып,  қоршалған 6 орынға  орнатылды. Казталов, Қоныс, Бозоба, Сексенбаев елді мекендерінің электр желілерін күтіп ұстау жұмыстары атқарылып, жаңа үлгідегі 4 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Казталов – Фомин шекара бекетіне электр жүйесі қондырғысы мен жарық орнатылды. Қарасу, Шамиль, Қоңырсай тоғандарына су айдау жұмыстары және аудандық кітапхана және Казталов мектеп-лицейінің алдыңғы бөлігіне автотұрақ салу жұмыстары жүргізілді, - деді округ әкім. Әкім өзінің баяндамасында инвестициялық жобаларға тоқталып, келер жылы атқарылатұғын жұмыстарды атап өтті.

IMG-20220211-WA0153

Ернар Бахтиярұлының баяндамасынан соң, тұрғындар тарапынан Казталов ауылдық округінде техникалық су мәселесі, басқа да елді мекендерде спорттық нысандар салу, жастар саясаты мәселесін дамыту, қоғамдық ұйымдарға көңіл бөлу, С.Садықов көшесін абаттандыру жұмыстарын жетілдіру, электр желілері мәселесі, балалар ойын алаңдарының ахуалына қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

IMG-20220211-WA0155

Аудан әкімі Альберт Есалиев округ әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ауданымызда атқарылған жұмыстарды атап өтіп, болашаққа жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ округ әкімдеріне мол жауапкершілік жүктеліп отырғандығын жеткізді. Тұрғындардың сауалдарына тиісті жауаптарын беріп, бірқатар ұсыныстар айтты.

IMG-20220211-WA0154

Сонымен қатар, кездесу соңында аудан әкімі Альберт Темірболатұлы еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсеновты мерейлі 80 жас мерейтойымен құттықтап, алғыс хат және естелік сыйлықпен марапаттады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов та еңбек ардагерін мерейтойымен құттықтады.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале