25.11.2021, 18:00
Оқылды: 222

«Оқы, талқыла, сурет сал»

Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Чеботарев ауылдық кітапханасында «Оқы, талқыла, сурет сал»  жобасы аясындағы «Бір кітап - бір сурет» атты сурет сайысы өтті.

FB_IMG_1637822468849

Шараның мақсаты - оқырманды кітап оқумен қатар, оқыған шығармалары туралы өз ойларын сурет туындылары арқылы жеткізуіне мүмкіндік беру, олардың өнер туындыларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау болды.

FB_IMG_1637822471432

Іс-шара барысында сайысқа қатысушы Михаил Агапов, Санжар Куаныш, Жібек Мухамбетова сынды оқырмандар Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Толымбек Әбдірайымның «Алабұға алауған күн» шығармаларын оқып, қиял әлемінде көрініс берген әдемі бейнені қылқаламмен қағаз бетіне түсірді.

Іс-шара соңында сайысқа қатысқан балалар кітапхана атынан әзірленген арнайы сыйлықтарды иеленді.

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале