21.12.2021, 10:30
Оқылды: 89

Оқыту жүргізілді

Таяуда Рухани орталық ғимаратының мәжіліс залында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамидоллаұлының бастамасымен сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту, заңнама талаптарын түсіндіру бағытында жиын өтті.

7

Жиынның мақсаты - Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерін сайлау, сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру. Оқыту түрінде өткен жиналысқа облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Марат Мырзахметұлы, Асқар Қадырұлы, Арман Қуанғалиұлы және ауыл әкімдері қатысты. Ғайса Хамидоллаұлы мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетіп, сайлауға өздері келіп дауыс берулеріне жайлылық туғызып, физикалық және ақпараттық кедергілерді болдырмау жайында сөз қозғады.

- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай туғызу керек. Облыс бойынша 2173 тіркелген мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сайлауға қатысушылардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар 0,043 пайызын құрайды. Біршама қызмет жасалып 505 сайлау учаскесі 1 қабатта, 382 сайлау учаскесі пандуспен қамтылған, бірақ санитарлық нормаларға жататын тек 321 сайлау учаскесі бар, - деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ. Хамидоллаұлы.

Оқытуға қатысқандар керекті мәліметтер алып, біліктіліктерін арттырды.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале