24.03.2022, 9:40
Оқылды: 37

«Өнегелі ұстаз»

«Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз» деп Л.Толстой айтқандай, жұмысқа деген табандылығы мен шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қатар ұштасқан ұстаздың бірі – Шежін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі  Алмагүл Байтукова.

84801C4A-3682-4FEB-AC2B-5C45AF46CCAA

Алмагүл Борисқызының еңбек өтілі – 32 жыл. Педагог-сарапшы болғанымен, әрдайым білімін жетілдіріп отырады. Әріптесіміз өз мамандығының мықты білгірі, теорияны жетік меңгерген, әдістемелік тұрғыдан шебер, жаңашыл ұстаз. Ол  жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы әр сабағын жоғары деңгейде өткізеді.

Алмагүл Борисқызы оқушылармен тығыз жұмыстана отырып, сапалы, нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, шәкірті Д.Азбергенованың «Жауынгер тағдыры» атты ғылыми жобасы «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы, «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» атты кітап жинағына енді. Осы бағытта ізденімпаз ұстаздың түрлі байқаулар мен олимпиадалардан топ жарып, мектеп мерейін асырып жүрген  шәкірттері  жетерлік.

Кейіпкеріміз 2020 жылы «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығының білім беру саласы қызметкерлері арасында өткізген байқауларына белсенді атсалысып, өзінің кәсіби шеберлігі, тұлғалық ерекшеліктері мен ұйымдастырушылық қабілетін танытқаны үшін  «Шығармашыл ұстаз» арнайы аталымымен марапатталды.

11-сыныпқа жетекшілік ететін А.Борисқызы оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын қадағалап, ата-аналармен үнемі тығыз байланыста жұмыстанып келеді. Ізденімпаз мұғалім түрлі сыныптан тыс іс-шараларды, ата-аналар жиналысын, дөңгелек үстел, шеберлік сыныптарды жаңа сипатта өткізеді.  Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға әрдайым атсалысып, өзінің ақыл-кеңесін айтып отырады.

Алмагүл Борисқызы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып жұмыс атқаруда. Осы салада жұмысының оң нәтижесін көрсетіп, аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда жүлделі ІІІ орынды иеленді. Осындай үздіксіз еңбектің арқасында әріптестерінің ғана емес, ата-аналардың алғысына бөленіп, беделі артқан Алмагүл Борисқызына шығармашылық табыс тілейміз.

 Гүлжан Жармұқанова,

Шежін ауылы,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале