15.10.2021, 18:02
Оқылды: 76

Өнер фестивалі өтті

«БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық айлығы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін ХХІІІ облыстық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.

99EFA4D9-C62B-45C3-BC7C-DC099081D63A

Шығармашылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шара бірнеше кезеңдерден тұрды. Атап айтқанда қатысушылар эстрадалық вокал, көркем сөз оқу және аспапта ойнау аталымдары бойынша бақ сынасты.

- Бүгінгі байқау мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өнерлі жандарды анықтауға, олардың шығармашылығына қолдау көрсетуге жол ашады. Ауданымызда өнерлі жандар аз емес. Бұған қоса қатысушылар өз қолөнерімен де таныстырады. Ол үшін арнайы қолөнер бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды. Үздік деп танылған қатысушылар әрі қарай облысқа жолдама алады,- дейді Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Кентоғаева.

4D90D0A4-D707-4F2C-8EEF-FA90FDC8BDA5

Шара соңында әділқазы алқаларының шешімімен эстрадалық вокал аталымы бойынша тасқалалық Н.Юсупова жеңімпаз атанды. Көркем сөз оқу аталымында Қосшы аулынан қатысқан А.Еслашова бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ аспапта ойнау аталымында Атамекен ауылының намысын қорғаған Т.Берденов жеңімпаз атанса, тасқалалық Ж.Курташов көрме аталымында бірінші болды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Әсем Серік,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале