7.04.2022, 10:15
Оқылды: 93

Өңір басшысы Жақсыбай ауылына барды

Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылына облыс әкімі Ғали Есқалиев барды. Өз сапарында облыс әкімі су кірген үйлерді аралап, балабақша ғимаратына орналастырылған жерлестеріміздің жағдайымен танысты. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді.

IMG-20220407-WA0033

Құжаттарды жинау, рәсімдеу тәртібін айтып, аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Жақсылық Абдоловқа тиісті тапсырмалар берді. Оқиға орын алған бойда аудан бойынша төтенше жағдай жарияланды.

IMG-20220407-WA0032

Дер кезінде жан-жақты көмек көрсетілді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары қиын кезде жедел көмек көрсеткен шекара қызметкерлері мен ауыл жастарына алғыс айтып, марапаттауды ұсынды.

А.Құсайынов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале