9.03.2021, 17:36
Оқылды: 79

Өңір басшысының бастамасына қолдау білдірді

Мереке қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев пен Батыс Қазақстан облысының шаңғы жарысы федерациясының президенті Ерікқали Бисақаев және басқа да азаматтар шаңғымен 6 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, облыс тұрғындарын әр күнді сәтті пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған болатын.

шаңғы (4)

Өңір басшысының бастамасына қолдау білдірген Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінің жастары мен еңбек және спорт ардагерлері ауыл маңындағы "Мечта" демалыс аумағына барып, шаңғымен серуендеді. Сондай-ақ үстел теннисін ойнап, демалысқа сән кіргізді.

шаңғы (9)

Ауыл жастарының көшбасшысы Марзия Кунусбаеваның сөзінше, дарияндықтар тұрғындарды салауатты өмір салтына шақыратын түрлі акциялар мен қызықты шаралар өткізуді жоспарлап қойыпты. Індет кедергі болмаса, оларды толықтай іске асыруға мүмкіндік болады екен.

шаңғы (2)

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале