Бүгін Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп психологтарын қабылдады.

Серік Әнуарұлы облыстық әдістемелік орталығының Сырым ауданы бойынша әдіскер-координаторы Гүлназ Нұржанова мен Жамбыл негізгі мектебінің психологы Дамира Жалекеноваға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевтің алғыс хатын табыс етті.
Өңір басшылығының марапаты Гүлназ мен Дамира ханымға бала құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырғаны үшін берілді.

Қабылдауға Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов пен бөлім әдіскері Берік Жанболсынов қатысты.
Мұғалім - мектептің жүрегі болса, психолог - мектептің тамыршысы. Олар - балалардың сырласы, жанашыры.
Сырым ауданындағы білім беру ұйымдарында 21 психолог еңбек етеді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы