1.09.2021, 15:59
Оқылды: 55

Отандық дәрі өндірісі дами түспек

Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауын жариялады.  Мемлекет басшысы Жолдауда әлемді әлекке салған коронавирус індетімен күрес жалғаса беретінін айтты.

f3fab56a-f094-4e04-a801-bffae7bf58e5

"Іргеге ін салған індет денсаулық саласына үлкен сын болды" деді Президент. QazVac отандық вакцинаны шетелдіктер сатып алуға мүдделі, өйткені Қазақстан – мықты вакцина ойлап тапқан санаулы мемлекеттердің бірі екенін атап өткен Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын тұрақты вакцина алуға дайындау қажеттігін, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымында тіркелген барлық вакциналарды сатып алу керектігін де айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы екпе алуға қарсы боп жүргендердің жетегінде кетпеуге шақырды.  Сырым ауданында күні бүгінге дейін 1  5034 адам екпенің  1 компонентін,   4124 тұрғын екінші компонентін алды.  Жыл соңына дейін ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 9869 тұрғын вакцина алуы керек. Бүгінде біздің қолданып келетін дәрі-дәрмектің 17 пайызы ғана отандық өнім. Мемлекет басшысы Жолдауда 2025 жылға дейін отандық дәрі-дәрмекті өндіруді 50 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Мұны өте орынды айтылған мәселе деп санаймын.

Роза Тахамбетова,

Сырым аудандық ауруханасының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале