21.09.2021, 10:09
Оқылды: 77

Отбасы – бақыт мекені

Тасқала ауданының орталығында Отбасы күніне орай жас отбасылар арасында спорттық сайыс оздырылды. Сайыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттап, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өйткені салауатты өмір салты – болашақ Қазақстанның кепілі.

 6

«Жастар» стадионында өткен сайысқа Мерей, Амангелді, Қазақстан ауылдық округтерінен төрт отбасы қатысты.

Аталмыш жарыс «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Кім көп секіреді?», «Арқан тарту», «Пингвин», «Сафари»кезеңдері бойынша өтті.

Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Мерей ауылдық округінің қатысушылары, ал екінші орынды Амангелді ауылдық округінен келген отбасы иеленсе, Қазақстан ауылдық округінен келген қатысушылар үшінші орынды жеңіп алды.

 

З.Әділов,

Тасқала ауылдық округінің жастар жетекшісі

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале