26.12.2019, 20:59
Оқылды: 68

Отшашу опық жегізбесін десек...

Жаңа жылды көздің жауын алар әдемі безендірілген шырша мен жарқ-жұрқ еткен отшашусыз елестету әсте мүмкін емес. Мұндай кезде қауіпсіздік шараларын да естен шығармаған абзал. Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғабит Жасталаптың айтуынша, пиротехникалық заттарды, түрлі отшашуларды балалар үлкендерсіз пайдаланбауы тиіс.

syrym tj

Олай дейтініміз, жыл сайын тұтанғыш заттардың салдарын балалар көріп жатады. Дәстүрге айналғандай мектептерде ұстаздар мен ата-аналарға қатаң түрде, ересектердің рұқсатынсыз және қадағалауынсыз балаларға пиротехникалық бұйымдарды алғызбау керектігі жөнінде айтылуда. Алайда қорытынды жоқ.

-Біз жыл сайын дүкен сөрелерінде лицензиясыз отшашу, бенгал шамдары, хлопушкалар, гирляндалар сатылмауын қадағалап, рейдке шығамыз. Ондайлар кездескен жағдайда, жойдыруға ықпал етеміз. Мысалы, Жымпитыдағы тұрмыстық тауарлар сататын 10 дүкенді тексерген кезде «Аққу-2», «Өркен» дүкендерінен пиротехникалық заттардың лицензиясыз сатылатыны анықталып, дүкен иелеріне ескерту жасалды, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Арман Қыдырсихов.

"Сақтықта қорлық жоқ" демекші, оқыс оқиғалардың алдын алып, оған күнілгері қамданыс жасаған артық етпейді.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале