18.05.2022, 17:45
Оқылды: 43

Оян ауылдық кітапханасы аудан мерейін өсірді

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің V «Рухани қазына – 2022» облыстық фестивалі облысаралық мәдени байланысты нығайту, тәжірибе алмасу, шығармашылық байланысты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. 

оян кітапхана (1)

Дәл осы фестивальге қатысқан Тасқала ауданы Оян ауылдық кітапханасының ұжымы үлкен қуанышқа кенелген болатын. Аталмыш байқаудан «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» аталымы бойынша марапатталып, ауданымыздың мерейін үстем етті. Оян ауылдық кітапхана меңгерушісі Абылай Қалимоллаевтың айтуынша, қазіргі таңда Түркістан облысында оздырылып жатқан республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғауда. Жерлестерімізден жақсы жаңалық күтейік, оқырман!

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале