26.07.2019, 9:32
Оқылды: 148

Партиялық бақылау сапарға шықты

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық тобының мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, мәслихат депутаты Серік Тоқмамбетов Шолақаңқаты ауылдық округінде болып, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан су құбырларының құрылысымен танысты.

Syrym Nur Otan (2)

Құны 599 млн. 340 мың теңге болатын Тоғанас, Құспанкөл және Аңқаты ауылдарының ауыз су жүйесін жабдықтау жобасын мердігер «Сәт-сервис» ЖШС жүзеге асырып жатыр.

Syrym Nur Otan (1)

Сырым аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Артур Ысқақовтың сөзіне сүйенсек, аталмыш қаржының ағымдағы жылы 100 млн. теңгесі игерілген. 2019 жылдың сәуірінде басталған жұмыстар 6 айға жоспарланған. Құбырдың ұзындығы 27,5 км құрайды. Ауылішілік су құбырларын жүргізу жұмысы 40% орындалса, су құбырларын үйлерге тарту жұмысы 90%-ды құрады. Қазіргі таңда 2-ші су көтеру станциясында резервуарлардың құрылысы басталды. 1-ші су көтеру станциясының жер асты жұмыстары да қызу жүруде.

Syrym Nur Otan (5)

Syrym Nur Otan (4)

Syrym Nur Otan (3)

                                                                           Айжан АМАНГЕЛДИНА
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале